Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуде жарысты
13-01-2023 21:42
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуде жарысты

       Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балаларлың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылы 12 қаңтарда "Абай оқулары"республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

     Байқаудың мақсаты-ақын Абай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Абай Құнанбаев әлі күнге дейін ұлы ойшылдардың бірі болып саналады, өйткені ол өз еңбектерінде адам бейнесінің жоғары құндылығын дәріптеп, мәңгілік философиялық мәселелерге  жауап іздеді.

      Абай Құнанбайұлы еліміздің тарихында ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде өшпес із қалдырды.

       Байқауға   қаланың 30 жалпы білім беру  мектебінен   8-11 сыныптың 109 оқушысы қатысты, оның ішінде 56 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша "Өлең - сөз патшасы, сөз сарасы" бағытында 9 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орынды Кенжекөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Амандықұлы Ернұр, ІІ  орынды № 38, Б.Момышұлы атындағы  мектеп оқушылары, ІІІ орынды  М. Әлімбаев, Ж. Тәшенев атындағы, Жетекші,  № 2, 30,35  мектеп оқушылары  иеленді.

         Екінші бағытта "Абайдың қара сөздері" - Абайдық қара сөздерін жатқа оқу бойынша  жүлделі орындармен марапатталды. Бірінші дәрежелі дипломмен № 17 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ғалымжан Айбек марапатталды.

ІІ-орынды Ж. Тәшенев атындағы № 29 мектеп оқушылары, ІІІ орынды Қ. Бекхожин, М. Әлімбаев, А. Бөкейханов атындағы № 2 мектеп оқушылары иеленді.

"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" бағытында-Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармалары бойынша оқу. І дәрежелі дипломмен № 38 мектептің 5 сынып оқушысы Әлімхан Ерасыл, ІІ дәрежелі дипломмен Ж. Ташенев атындағы мектептің оқушысы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 2, 35, 40 мектептердің оқушылары марапатталды.

       "Көңілім әнді ұғады" бағытында-әндер мен күйлерді орындаушылар байқауы. І орынды № 25 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ахметбек Данияр және Кенжекөл мектебінің 7 сынып оқушысы Сманова Гүлназ, ІІ орынды № 40, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 2, 21, 29, 30, 35, М. Жүсіп, А. Бөкейханов, Ж. Тәшенев атындағы  мектеп оқушылары иеленді.

        "Жүйріктен  жүйрік озар жарысқанда" бағытында-жас дарындар байқауы. І орынды № 38 мектептің 5 сынып оқушысы Амантай Ерғали, ІІ орынды № 21, 29, 35 , Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды

№ 7, 46,  Қ. Бекхожин, М. Әлімбаев, А. Бөкейханов атындағы мектеп оқушылары иеленді.

         "Ұлылар әлемі" бағытында-эссе байқауы. І орынды А. Бөкейханов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Бәуен Сабина, ІІ орынды № 38, Ж. Тәшенев атындағы мектеп  оқушылары, ІІІ орынды № 7, 24, 25, 29, 30, 35, Кенжекөл, Жетекші,   Қ.Бекхожин, М. Жүсіп атындағы мектеп оқушылары иеленді .

          Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қалалық турдың жеңімпаздары ағымдағы жылдың 24 қаңтарында облыстық оқу кезеңіне қатысады.