Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық олимпиада облыстық кезеңінің қорытындысы
22-01-2023 14:39
Республикалық олимпиада облыстық кезеңінің қорытындысы

2023 жылғы 20 қаңтарда  "Ертіс дарыны"өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында математикадан республикалық олимпиаданың IV облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзіжүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшінж ағдай жасау, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау, білім берудің беделін арттыру.Олимпиадаға 5-6 сыныптың 271  оқушысықатысты.

Команда құрамына № 2, 7, 11, 14, 17, 21, 29, 39, Малайсары батыр атындағы, Ш. Шоқинатындағы, М.Әлімбаеватындағы, М. Жүсіп атындағы (2),                     Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы,

Ж. Тәшенев атындағы 15 жалпы білім беретін мектептен 16 оқушы кірді. Олимпиада сегіз пән бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.

Олимпиада жазбаша түрде өтті, әр пән бойынша оқушылар тест тапсырмаларын орындады.

Олимпиада  қорытындысы бойынша 8 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын – 3, II орын – 3, III орын - 2 оқушы.

І дәрежелі дипломмен № 11 ЖОМ 6-сынып оқушысы Рунова Анастасия, орыс тілі мен әдебиеті секциясында,№ 29 ЖОМ 6-сынып оқушысы Бекшенов Рафаэль, жаратылыстану секциясында, № 39 мектептің 5 сынып оқушысы Власов Роман, математика секциясында марапатталды.

II дәрежелі дипломмен Б. Момышұлы атындағы мектептің  6 сынып оқушысы,   Тощанова Даяна, Қазақстан тарихы секциясында,

 А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің 5-сынып оқушысы, Шелбогашева Виктория орыс тілінде оқытатын қазақ тілі секциясында; № 21 ЖОМ 6 сынып оқушысы Кабаева Анна, ағылшын тілі секциясында  марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен № 7 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ренатова Алдина қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі секциясында; Ш. Шокин атындағы ЖОМ 5-сынып оқушысы  Майборода Дарья, жаратылыстану  секциясында , марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орын алған оқушылар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.