Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала мектептерінің үздік тәлімгерлері
26-01-2023 13:45
Қала мектептерінің үздік тәлімгерлері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығында 2023 жылғы 26 қаңтарда "Жыл тәлімгері-2023" облыстық байқауының қалалық кезеңі онлайн форматта өткізілді.

         Мақсаты - аға тәлімгерлердің еңбек беделін арттыру, "Жас Ұлан" балалар қоғамдық қозғалысын дамыту.

         Ережеге сәйкес Конкурс екі номинация бойынша өтті: "Үздік жас тәлімгер", онда қатысушылардың кемінде 1 жыл жұмыс өтілі және "Баға жетпес тәжірибе" - балалар, жастар қоғамдық бірлестігінің қызметіне кемінде бес жыл қатысу тәжірибесі болуы тиіс.

 "Үздік тәлімгер бейнебаянында" конкурсанттар өздерінің инстаграмының беттерінде бейне материалдар ұсынды, онда оқу жылы ішінде әлеуметтік маңызы бар жобалардың, мектеп іс - шараларының, ұйымдастырушылық қабілеттері мен айқын қоғамдық ұстанымдарын ашатын конкурстардың жарияланымдары орналастырылды.

        Қазылар алқасының мүшелері байқау жетекшілерін келесі критерийлер бойынша анықтады: көркемдік қойылымы, авторлық ұстаным, эмоционалдылық, мазмұны, бейневлогтардың сипаттамасы.

         Байқау қорытындысы бойынша "Үздік жас тәлімгер" номинациясы бойынша I орынды  Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің аға тәлімгері, Искакова Инара Амантаевна иеленді. ІІ орынды №18 ЖОМ Санина  Ангелина Олеговнаға  ие болды. ІІІ орын  №46 ЖОМ Патша Маржанға берілді.

"Баға жетпес тәжірибе" номинациясы бойынша: I орынды   №26 ЖОМ Герштеин Дарина Андреевна иеленді. II орынды №24 ЖОМ   Бижанова Айгуль Максутовна иеленді.

Қалалық кезеңнің "Үздік жас тәлімгер" және "Баға жетпес тәжірибе" номинацияларының жеңімпаздары  "Жыл тәлімгері – 2023" байқауының облыстық кезеңіне қатысады.