Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі аяқталды
07-02-2023 10:31
Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі аяқталды

2023  жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ж. Тәшенев атындағы орта мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім беру беделін арттыру.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектебінен 9-11 сыныптың 695 оқушысы қатысты.

Олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде "1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера" электронды форматында өтті, онда оқушыларға тапсырмаларға жеке қол жеткізу үшін жауап бланкілері, логиндер мен парольдер берілді. Олимпиаданы өткізу кезінде қатысушылармен бірге YouTube аудиториясында жазба және тікелей трансляция жүргізілді.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен  әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын, неміс, француз тілдері) 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша 1-турда өткізілді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы  білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады, ағымдағы жылдың ақпан айында облыстық олимпиадаға қатысады.

Олимпиада қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта "Үздік олимпиадалық команда-2023" номинациясында І дәрежелі дипломмен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп, ІІ дәрежелі дипломмен №39 орта мектеп, ІІІдәрежелі дипломмен - Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейі және №21 орта мектебі  марапатталды.

"Үздік олимпиадалық  команда-2023" номинациясында қоғамдық-гуманитарлық бағытта: І дәрежелі дипломмен Жұмабек Тәшенев атындағы орта мектеп, ІІ дәрежелі  дипломмен №2 және №29 мектептер, ІІІ дәрежелі дипломмен    Шапық Шөкин атындағы мектеп-гимназия және №11 орта мектеп марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздар  тізімі біздің сайтта «Пәндік олимпиада 2022-2023» бөлімінде қолжетімді.