Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 8 ақпанда «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық айтысының қалалық кезеңін өткізді.
Айтыс мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Айтысқа № 7, 21 (2), 29, 30 (2), 33, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп – лицей (2), Қ.Бекхожин, Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің 8 - 11 сынып оқушылары қатысты.
Айтыс екі бағыт бойынша өтті: «Тақырыптық айтыс» және «Қайым айтыс». Айтыс қорытындысы бойынша: «Тақырыптық айтыс» І орынды К.Бекқожин атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар, ІІ орынды № 7 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ошал Мадина және № 33 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Қажет Еркеш, ІІІ орынды № 29 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Казбек Дильназ, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Тулеубаева Анель иеленді. «Қайым айтыс» І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайролла Елнұр, ІІ орынды № 21 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Сәрсенбек Нұрболат, ІІІ орынды № 30 ЖОББМ 5 сынып оқушысы Әқпарғали Айша иеленді.
Қазылар алқасы оқушылардың шығармашылығын музыкалық және ритмді, сондай – ақ қарсыластың аргументтеріне қарсы тұрудағы ақылдылығын атап өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Айтыс жеңімпаздары ағымдағы жылдың 9 ақпанында өтетін облыстық кезеңге қатысады.