Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыр алыбы - Жамбыл»
09-02-2023 10:51
«Жыр алыбы - Жамбыл»

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы  2023 жылғы 8 ақпанда «Жыр алыбы – Жамбыл»    республикалық айтысының қалалық кезеңін өткізді.

Айтыс  мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Айтысқа № 7, 21 (2), 29, 30 (2), 33, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп – лицей (2), Қ.Бекхожин, Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру  мектептерінің 8 - 11 сынып оқушылары қатысты.

Айтыс екі бағыт бойынша өтті: «Тақырыптық айтыс»  және «Қайым айтыс». Айтыс қорытындысы бойынша: «Тақырыптық айтыс» І орынды К.Бекқожин атындағы мектептің  9 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар, ІІ орынды № 7 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ошал Мадина және № 33 ЖОББМ  8 сынып оқушысы Қажет Еркеш, ІІІ орынды № 29 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Казбек Дильназ,  Ә.Бөкейхан атындағы  лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Тулеубаева Анель иеленді. «Қайым айтыс» І орынды Ә.Бөкейхан атындағы  лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайролла Елнұр, ІІ орынды № 21 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Сәрсенбек Нұрболат,  ІІІ орынды № 30 ЖОББМ 5 сынып оқушысы  Әқпарғали Айша иеленді.

Қазылар алқасы оқушылардың шығармашылығын музыкалық және ритмді, сондай – ақ қарсыластың аргументтеріне қарсы тұрудағы ақылдылығын    атап өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Айтыс  жеңімпаздары ағымдағы жылдың          9 ақпанында өтетін облыстық кезеңге қатысады.