Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтеді
2023 жылғы 27-31 наурыз аралығындаТараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші (қорытынды) кезеңі өтеді. Оған ең көп ұпай жинаған, зерттеу жұмыстарының сараптамасынан өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысады. Павлодар қаласының командасын Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 5 оқушысы таныстырады. Олар 3 секция бойынша 5 жобаны ұсынады: физика, адам және қоғам, әдебиет.
1. Физика – Қасым Даяна (№2 ЖОББМ)
2. Физика – Сапарғалиев Шыңғыс (№21 ЖОББМ)
3. Әдебиет (орыс) – Королева Дарья (№17 ЖОББМ)
4. Адам және қоғам – Камесхан Галиакбар (№25 ЖОББМ)
5. Адам және қоғам – Нұрболат Аружан (Ж. Тәшенев ат. ЖОББМ)
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!