Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кітап-білімнің қайнар көзі» жобасы
16-02-2023 16:44
 «Кітап-білімнің қайнар көзі» жобасы

«Кітап-білімнің қайнар көзі» жобасы  

2023 жылы 16 ақпанда «Оқуға құштар мектебі» республикалық жобасы аясында және «Павлодар дарыны» бос уақыты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының оқу жоспарына сәйкес Д.Әбілев атындағы кітапханамен бірлесіп Павлодар қаласы  мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына  арналған «Кітап-білімнің қайнар көзі» қалалық жобасының  финалы өткізілді.

Жоба мақсаты-оқушылардың оқу қызметін қалыптастыру,эмоционалды, эстетикалық және әдеби даму мәселелерін шешу, балаға оқырман болуға,балалар әдебиетінің бай әлемін түсінуге ,оқырман тәжірибесін байытуға  көмектесу.

Үш турдан құрылған жоба Д.Әбілев атындағы көпшілік  кітапханада желтоқсан ақпан айлар аралығында өткізілді. Жобаға қаланың 22 жалпы білім беретін мектебінен  29 оқушы қатысты.

 Жобаның қорытындысы бойынша 17 оқушы Павлодар қаласы  білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

I дәрежелі дипломмен № 17 ЖОМ Секенова Аидажәне №26 ЖОМ оқушысы Шевцова Аиша  марапатталды, II дәрежелі диплом иегерлері №2, 24,  35,  Малайсары батыраат, Қ.Бекхожин ат., М.Жүсіпат ат., Ж.Ташенев ат. ЖОМ оқушылары иеленді.

III дәрежелі дипломды  № 2,7, 21, 26, 29, 40, М.Әлимбаев ат., М.Әуезова ат., Кенжекөл ЖОМ оқушылары иеленді.

Қалған қатысушыларға  Павлодар қаласы  білім бөлімі, «Павлодар дарыны» БУҚБДДО сертификаттары берілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда табыс тілейміз!