Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Үлкен үзіліс - 2023» V кезеңі «Оқушылардың қиялындағы ең үздік сынып жетекшісі»
23-02-2023 16:59
«Үлкен үзіліс - 2023» V кезеңі «Оқушылардың қиялындағы ең үздік сынып жетекшісі»

«Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 23 ақпанда«Үлкен  үзіліс – 2023» жобасының «Оқушылардың қиялындағы ең үздік сынып жетекшісі» V кезеңін өткізді.

       Жоба оқу жылы ішінде өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз  ұпай  жинаған 3 команда шығарылады.

«Оқушылардың қиялындағы ең үздік сынып жетекшісі»V кезеңінде № 5,14, 17, 21, 26, 31, 33, 35, 43, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ.Бекқожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептерінен 300оқушыдан тұратын14 команда қатысты.

Осы тур барысында оқушылар 5 минут ішінде сынып жетекшісінің визиттік карточкасын көрсетіп, мұғалімнің ұстанған ұстанымы мен хоббиі туралы қысқаша айтып, шығармашылық қабілеттерін, кәсіби шеберлігін көрсетті.

          Конкурс қорытындысы бойынша ең аз ұпай  жинаған №5, 31 және  К.Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектептері жобадан шықты, қалған 11 мектептің командалары келесі турда кездеседі.