Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әбіш оқуларының үздік білгірлері
24-02-2023 10:33
Әбіш оқуларының  үздік білгірлері

Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 23 ақпанда 8-11 сынып оқушылары арасында "Әбіш оқулары" республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

             Мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ана тілі мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін  тәрбиелеу.

             Байқауға № 2, 5, 6, 7, 11, 17, 18, 21, 24, 25, 27, 30, 33, 35, 40, 41, 43, 46, Жетекші, Кенжекөл, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ. Бекқожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы, А.Бөкейхан атындағы, Б. Момышұлы атындағы, атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев  атындағы, М. Әуезов атындағы 31 жалпы білім беретін мектептен 8-11 сыныптың  116 оқушысы   қатысты.

             Байқау қорытындысы бойынша 63 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 8 оқушы, II орын -21, III орын - 34.Байқау төрт бағыт бойынша өтті.

        Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу  бағытына  26 оқушы қатысты.

             І орынды  № 2 ЖОМ 10 сынып   оқушысы  Бауыржан Азиза  иеленді.

"Мәнерлеп оқу" бағытына 25 оқушы қатысты. I орынға  Қ.Бекқожин атындағы  ЖОМ  9 сынып   оқушысы  Шакарымова   Адия   ие болды. "Зерттеу жұмысы" бағытында 14  қатысушының ішінен І орынды № 33 ЖОМ  10 сынып   оқушысы  Оразбек Дария  иеленді .

             Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша "Сахналық қойылым" бағытында 10 команда сахналық шеберліктерін көрсетті. І орынды № 25 ЖОМ командасы  иеленді.

             Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

             Байқау жеңімпаздары 2023 жылғы 28 ақпанда республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.