Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі қорытындысы
27-02-2023 17:51

"Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі қорытындысы

Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылғы 27 ақпанда "Ақ шағала"республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты-білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға ие болу.

Байқауға №2, 7, 11, 14, 17, 21, 24, 25, 26, 29, 30, 32, 35, 36, 39, 40, 41, 43, Малайсары батыр,Ш. Шөкин, Қ. Бекқожин, М. Әлімбаев, А. Шамкенов, М. Жүсіп, А. Бөкейхан, Б. Момышұлы, С. Торайғыров, А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов атындағы және Кенжекөл, Жетекші - қаланың 31 мектебінен 305 оқушы қатысты.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді: І - халық биі және халықтық стильдендірілген би: әлем халықтарының билері, қазақ биі; ІІ - заманауи би: эстрадалық би, микс-би.

Халық биі және халықтық стильдендірілген би номинациясында: I дәрежелі Дипломмен -қазақ халық биін орындаған № 21 мектептің "Шабыт" және «Royal kids» № 43 мектептіңхореографиялық ұжымдары марапатталды.

IІ дәрежелі дипломмен № 39, 40, Ш. Шөкин, М. Әлімбаев және М. Әуезов атындағы мектептерінің  хореографиялық ұжымдары марапатталды .

III дәрежелі дипломмен № 25, 26, 36, Қ. Бекқожин және Малайсары батыр атындағы мектеп ұжымдары марапатталды.

"Үздік хореографиялық қойылым" номинациясында №7 ЖОМ, "Би қойылымның ерекшілігі үшін" номинациясында Жетекші ЖОМ, "Сахналық шеберлік үшін" номинациясында  № 11 ЖОМ диплом иегерлері атанды .

«Заманауи би» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Б. Момышұлы атындағы мектептің "Шаттық" хореографиялық ұжымы марапатталды.

IІ дәрежелі дипломмен №29, 35, 43 ЖОМ хореографиялық ұжымдары марапатталды .

III дәрежелі дипломмен Малайсары батыр, Ш. Шөкин, А. Шәмкенов,                  Ә. Бөкейхан, С. Торайғыров атындағы мектеп ұжымдары марапатталды.

"Үздік хореографиялық қойылым" номинациясыда № 17 мектеп, "Би қойылымның ерекшілігі үшін" номинациясыда № 32 мектеп, "Сахналық шеберлік үшін" номинациясында М. Жүсіп атындағы мектептері диплом иегерлері атанды.

«Ақ шағала» фестиваль – байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық кезеңге жолдама алады.