Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Облыстық Әбіш оқуларының қорытындысы
01-03-2023 08:29
Облыстық Әбіш оқуларының қорытындысы

«Әбіш оқулары»  байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптың 139 оқушысы, қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, № 2, 25(5), 33, Қ. Бекқожин атындағы Павлодар қаласы мектептерінің  8 оқушысы қатысты.

Оқулар 2023 жылдың 28 ақпанында дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия мектебінде өтті. Ұйымдастырушысы облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  болып  табылады.

Ережеге сәйкес байқау 4 бағыт бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша «Иллюстрация» бағытында  І орынды Ә.Кекілбаевтың "Автомобиль" және "Бәйгеторлар" шығармаларына иллюстрациясын көрсеткен № 2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бауыржан Азиза иеленді.

«Мәнерлеп оқу» бағытында ІІІ орынды Қ. Бекқожин атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Шакарымова Адия иеленді. Адия «Ханша Дария»  прозасынан үзінді оқыды.

«Сахналық қойылым» бағытында Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы бойынша театр шеберлігін көрсеткен № 25 ЖОББМ командасы Құрмет грамотасына ие болды.

Облыстық «Әбіш оқулары» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Маңғыстау облысында жазушының туған жерінде өтетін республикалық байқауға қатысады.