Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Алтын қазына" қалалық байқауы
02-03-2023 10:48

       Павлодар қаласы   білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос  уақытты   қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен 2023 жылғы 1 наурызда онлайн режимде "Алтын қазына" республикалық көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы байқау-көрмесінің қалалық кезеңі  өткізілді.

     Байқауға  барлығы  6 номинация бойынша қаланың жалпы білім беретін 22 мектебінің 5-10 сыныптың 72 оқушысы қатысты.

         Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 43 оқушы ие болды, оның ішінде І орын – 6 оқушы, ІІ орын – 15 оқушы, ІІІ орын-22 оқушы.

       "Тоқыма бұйымдарын жасау" номинациясы бойынша:І орынды № 33 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нығманова Диана иеленді, жұмыс тақырыбы «Цвети всегда моя земля».  ІІ орын № 33, 41, М. Әлімбаев, М. Жүсіп атындағы,  Кенжекөл ЖОМ  және ІІІ орын №29, А. Шамкенов, М. Жүсіп, Ә.Бөкейхан, Б. Момышұлы, Ж. Тәшенев атындағы ЖОМ.

      "Ағашты, сүйекті, теріні көркемдік өңдеу" номинациясы бойынша:І орынды №29 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Лангольф Владислав, "Менің отанымның дыбыстары"жұмысы үшін иеленді. ІІ орын Ш. Шамкенов атындағы ЛМ, ІІІ орын №26, Ә.Бөкейхан, Б. Момышұлы ЖОББМ.

       "Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабаннан, ағаштан, тоқыма бұйымдарынан шағын пішіндегі мүсіндер жасау" номинациясында:І орынды "Құс" жұмысы үшін Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Гавриченко Илья иеленді. ІІ орын №2, Ш. Шөкин, М. Әлімбаев атындағы ЖОББМ,   ІІІ орын №38, 39, С. Торайғыров, А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ.

       "Ұлттық ою-өрнек элементтері бар халықтық киім үлгісін жасау" номинациясында: І орынды №39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Сабирова София, бас киімі бар көкірекше жұмысы үшін, ІІ орынды Р.Нұртазин атындағы ЖОББМ, ІІІ орынды №38 ЖОББМ иеленді.

       "Қағаздан бұйымдар жасау" номинациясында: І орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОМ 8 сынып оқушылары Нагманов Ш., О.Алтынбек, И. Ғазизұлы   "Мешіт" жұмысы үшін, ІІ орынды  №2 ЖОМ, С. Торайғыров атындағы ЖОМ, ІІІ орынды №26, 29, 38 ЖОМ, М. Әлімбаев атындағы ЖОМ иеленді.

      "Ұлттық нақыштағы интерьер дизайны-жобасы" номинациясында: І орынды №39 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Коваленко Лейла, "Тұмар" жұмысы үшін иеленді. ІІ орын №41 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, ІІІ орын №18, 38 ЖОМ, М. Әуезов атындағы ЖОМ.

      Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталады.