Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кітап – сарқылмас қазына» жобасының екінші кезеңі
02-03-2023 18:03
                         «Кітап – сарқылмас қазына» жобасының екінші кезеңі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылы 2 наурызда «Орталық қалалық кітапханамен» бірлесіп қала мектептерінің оқушылары үшін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап-сарқылмас қазына» жобасының екінші кезеңін өткізді.

Жобаның мақсаты: көрнекті отандастарымыз қалдырған кітаптарға, көркем әдебиет шығармаларына, тарихқа, мәдениетке және әдеби мұраға қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ету.

Жобаның екінші кезеңіне қаланың 21 жалпы білім беретін мектебінен 7-8 сыныптың 29 оқушысы қатысты.

 Жобаның ІІ кезеңі қазақ ақыны және жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған, байқау Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында өтті.

Оқушылар ақын туралы мағлұмат алып, жерлесіміздің ақындық өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильмді тамашалады. Барлық балалар өз өлеңдерін мәнерлеп, ашық, анық оқуға тырысты. Байқауда «Ақмаңдайлым», «Ана тілі», «Туған жердің бұлағы» және т.б. өлеңдері айтылды.  № 21 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Базаргалиева Дильназдың оқыған «Бақта» өлеңінде ақын бізді өмір сүріп жатқан әлемді қорғауға шақырады.