Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі мен әдебиетінің білгірлері
03-03-2023 15:45
Қазақ тілі мен әдебиетінің білгірлері

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 3 наурызда Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

Мақсаты - қазақ тілін, классикалық әдебиетті үйренумен айналысатын оқушыларды қолдау.       

    Олимпиада екі турда өтті: 1 тур – жазбаша – эссе, 2 тур – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектерін білуге арналған.

Олимпиадаға 25 қаланың жалпы білім беретін мектептерінен  9 - 11 сыныптың 57 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға 28 оқушы  ие болды, оның ішінде I орын- 4 , II орын - 10, III орын - 14.

I орынды № 2 мектебінің 10 сынып оқушысы Дюсембаева Томирис; 9 сынып оқушылары № 38  НОМ  Солтанмурат Айяулым, № 7 ЖОМ Умарова Алима; № 29 мектебінің 11 сынып оқушысы  Каиргельды Назерке;  II орынды № 2, 7, 17, 25, 41,  К.Бекқожин (2), М.Жүсіп, Ә.Бөкейхан, Ж.Ташенев атындағы  мектеп оқушылары иеленді;  III орынды № 7, 21, 24, 25, 30, 33 (2), 35, 40, Малайсары батыр, Б. Момышұлы, Ж.Ташенев атындағы және Кенжекөл  мектеп оқушылары иеленді.

           Барлық қатысушыларға «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттары берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің түрлі дәрежелі дипломдарымен марапатталды.   

 Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.