Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көктем менің қолымда» байқауы
03-03-2023 17:43
«Көктем менің қолымда» байқауы

Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 3 наурызда № 7 мектепте қала мектептерінің оқушыларына арналған 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем менің қолымда» атты қалалық байқау өткізді.

Жобаның мақсаты-дарынды және талантты оқушыларды анықтау және қолдау, қатысушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.

Байқауға 4 сынып оқушылары арасында қаланың 19 жалпы білім беретін мектебінен 23 оқушы қатысты. Конкурс үш кезеңнен тұрды:    «Визит карточкасы» онда әрбір қатысушы өзін таныстырды, «Таланттар байқауы» - байқауға қатысушылар өздерінің би дағдыларын, ән айту, қолөнер, шешендік қабілеттерін көрсетті және байқаудың  3 кезеңі - блиц - турнир, онда қатысушылар сұрақтарға жауап берді.

Байқаудың барлық қатысушылары – талантты және креативті, сондай-ақ байқауға үлкен жауапкершілікпен қарап, өз қабілеттерін көрсете алды. І дәрежелі дипломмен Ш.Шөкин атындағы мектебінің оқушысыБосенко Софья,№ 14 Хаметова Мелисса,№ 41 Бертебаева Наргиза иеленді. ІІ дәрежелі дипломдармен № 2, № 26, № 46, Малайсары батыр атындағы, Қ.Бекқожин атындағы орта мектептер марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен №7, 21, 38, 41, 43, Қ.Бекқожин, М.Жүсіп, С.Торайғыров, М.Әуезов орта мектебінің оқушылары иеленді.

Байқау қатысушылары талантты және шығармашыл, олар өз қабілеттерін көрсете білді, байқауға үлкен жауапкершілікпен қарап, қазылар алқасын  таланттарымен таңқалдырды.