Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қала оқушылары Мәшһүр Жүсіп Копеев шығармаларын білу бойынша жарысты
06-03-2023 15:52
Қала оқушылары Мәшһүр Жүсіп  Копеев шығармаларын білу бойынша  жарысты

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 6 наурызда «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты-қазақстандық жазушылардың әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру.

 Байқауға  қаланың 32 жалпы білім беретін мектебінен  8-11 сыныптың     62 оқушысы қатысты, оның ішінде 33 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Ережеге сәйкес байқау төрт бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтты, жас таланттар өз шығармаларының өлеңдерін оқыды, жаңадан бастаған зерттеушілер Мәшһүр Жүсіп Копеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларды қорғады.

«Алдым өлен жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытында І орынды № 38 НЖББМ 5 сынып оқушысы   Амантай Ерғали; ІІ  орынды № 7 ЖОМ , К.Бекқожин атындағы ЖОББМ; ІІІ орын  № 17, 24, Ә.Бөкейхан атындағы мектеп оқушылары иеленді.

 «Бас болып өнер білсең, тіпті  жақсы» екінші бағыттаІ  бірінші дәрежелі дипломмен М.Жүсіп атындағы 7 сыныпоқушысыБолат Жансая, ІІ дәрежелі дипломмен Ә.Бөкейхан, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары;  ІІІ дәрежелі дипломмен № 29, 30, 35, А.Байтұрсынұлыатындағы мектеп оқушылары марапатталды.

 

 «Білімді зерек адам болам!» - десен, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында - І дәрежелі дипломмен9 сынып оқушысы Қабыкен Мөлдір № 40мектеп, ІІ дәрежелі дипломмен № 24, 31, 38, 39, М.Жүсіп атындағы мектеп оқушылары:  ІІІ дәрежелі дипломмен № 17, 25, 30, 35, Малайсары батыр,  М.Әлімбаев, Ә.Бөкейхан, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары марапатталды.        

 «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»бағытында - І орынды  № 21 ЖОББМ 9 сынып оқушысы, Тойлыбай Аида;  ІІ орынды № 29, М.Жүсіп атындағы мектеп оқушылары; ІІІ орынды № 7, Ж.Тәшенев атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары иеленді.

Барлық қатысушыларға  «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қалалық кезеңнің жеңімпаздары 2023 жылғы 15 наурызда облыстық кезеңге қатысады.