Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«JULDYZAI» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңі
07-03-2023 13:33
«JULDYZAI» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңі

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 6 наурызда             «Juldyzai жеңуге үйретеді!»  ұранымен «JULDYZAI» XVIII республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңін қашықтық форматта өткізді.

Фестивальдің мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.

Фестиваль 4 номинация бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық орындау, жест-ишарамен  ән орындау.

№ 6 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Қожан Арнұр екі номинацияға қатысты: «Аспаптық орындау» мен «Вокал» О.Хейридің «Вальс» шығармасын фортепианода ойнап  және  «Алға Қазақстан» әнді орындап, І, ІІ дәрежелі дипломдарға  ие болды.

Ал «Вокал» номинациясы бойынша К.Мақпалеев атындағы ЖОББМ 4 сынып оқушысы Рублев Егор  музыкасы Е.Птичкина,  сөзі  М.Пляцковский  «Иттерді мазақ етпеңдер»  әні үшін І орынға  ие болды.