Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары
15-03-2023 16:41
«Мәшһүр Жүсіп  оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары

2023 жылдың 15 наурызында «Мәшһүр Жүсіп  оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінде Павлодар қаласының № 21, 40, 38,  М.Жүсіп атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары, қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Мақсаты – қазақ жазушыларының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ классикалық әдебиетін зерттеуге қызығушылықты арттыру.

Оқу төрт бағыт бойынша өтті: «Алдыма өлен жаз деп. қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - қатысушылар өз өлеңдерін, «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» - ғылыми жобаларды қорғау, «Білімді зерек адам болам!», Қара өзіңді басқаның айнасымен» - эссе жазу, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» - ғалымның фольклорлық шығармаларындағы халықтың ұлы тұлғаларын суреттеу.

Оқу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мектептерінен 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

«Алдыма өлен жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша ІІІ орынды № 38 мектептің 5 сынып оқушысы Амантай Ерғали иеленді.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» екінші бағыты бойынша М.Жүсіп атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Болат Жансая ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Мәшүр-Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері»бағыты бойыншаІорынды № 21 мектептің 9 сынып оқушысы Тойлыбай Аида иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.