Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кітап-сарқылмас қазына» жабасы
16-03-2023 17:17
 «Кітап-сарқылмас қазына» жабасы

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 16 наурызда Павлодар қаласы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары үшін Орталық қалалық кітапханамен бірлесіп «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап-сарқылмас қазына» жобасының үшінші кезеңін өткізді.

   Жобаның шарттары бойынша қатысушылар Павлодар Ертіс өңірінің белгілі тұлғалары туралы 3 минуттық бейнерепортаж жасады.

       Жобаға Павлодар қаласының 22 жалпы білім беретін мектебінен 7-8 сыныптың 29 оқушысы қатысты.

      Жоба қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен М. Жүсіп атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Садуақасова Баян  және № 17 мектептің 8 сынып оқушысы Нүктенов  Елдос марапатталды. II дәрежелі дипломмен № 17, 33, 36, Қ.Бекқожин, М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектептері марапатталды. III дәрежелі дипломмен № 7, 14, 24, 29, 35, Ш.Шөкин, М. Әуезов(2), Р.Нұртазин атындағы жалпы орта білім беру мектептері марапатталды.

     № 17 мектептің 8 сынып оқушысы Елдос Нүктенов Павлодар облыстық Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің этнографиялық  бөлім меңгерушісі, «Павлодарлық экстремал» Қазақстанның  Гиннес рекордтар кітабына енген «Темір адам», Ертіс өңірінің белгілі  тұлғаларының бірі Жеңісбек Қадырұлынан алған өзінің бейнерепортажын ұсынды.

       № 36 мектебінің 7 сынып оқушысы  Панфилова Анастасия А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының жетекшісі В.В.Аввакумовтан осы саладағы қызметі туралы сұхбат алды.

           Бізге  өз ісіңді абыроймен  жаса және ең бастысы жастар мамандық тандағанда қателеспеу керек, егер адам өмірдегі орнын дәл анықтаса, онда ол бақытты және қоғам үшін пайдалы – дейді Виктор Валентинович.