Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы
29-03-2023 14:49
«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту  орталығымен  2023 жылы    29 наурызда  «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы өткізілді.

Мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармашылығын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, дарындарындылығын ашу.

         Байқауға қаланың 22 жалпы білім беретін мектебінен 8-11 сыныптың  45 оқушысы қатысты.

             Байқау үш бағыт бойынша өтті: бірінші бағыт – «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» - ақынның поэмаларын жаттау; екінші бағыт – «Ұлы тұлғаға арнау» қазылар алқасына буклеттер түрінде алдын ала ұсынылған өз туындысын жатқа оқу; «Ілияс – сөз шебері» прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу.

              Байқау қорытындысы бойынша  45  талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті,  26  қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 3 оқушы,   II орын – 7, III орын – 16 оқушы.

 «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясы бойынша I орынды № 30 мектебінің 9 сынып оқушысы Ақтай Толғанай, II орынды № 33, 38, Қ. Бекқожин атындағы мектеп оқушылары; III орынды №  21, 24, 41, М.Әлімбаев атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп оқушылары иеленді.

«Ұлы тұлғаға арнау»- I орынды № 35 мектебінің 8 сынып оқушысы Бектасова Азиза; II орынды №  17, Қ. Бекқожин атындағымектеп оқушылары;  III орынды № 7, 21, 30, 31, 38, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

 «Ілияс – сөз шебері»  - І орынды № 38  мектебінің 8 сынып оқушысы Хунафия Айдана; ІІ орынды № 30, Кенжекөл мектебінің оқушылары; ІІІ орынды 7, Қ.Бекқожин, Мәшһүр Жүсіп, С.Торайғыров, М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары иеленді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады, сондай-ақ байқау қатысушыларына «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары беріледі.

Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін облыстық кезеңге қатысады.