Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мамандықтар әлемін ашамыз» атты қалалық форумының жұлдыздары
05-04-2023 16:56
«Мамандықтар әлемін ашамыз» атты  қалалық форумының жұлдыздары

             Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 3  сәуірде  «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қалалық кезеңін қашықтықта өткізді.

    Форумның мақсаты:Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.

          Форумға қаланың №7, 21, 25, 35, 40, К.Макпалеев, А.Шәмкенов, М.Әлімбаев, Ә.Бөкейхан, Р.Нұртазин, С.Торайғыров, А.Байтұрсұнов, М.Әуезов атындағы жалпы білім беру мектептерінен 28 оқушы қатысты. Форум 3 номинация бойынша өткізілді

 1.«Шығармашылық мамандықтың қырлары».

 2. «Менің кәсібім - менің бизнесім».

 3. «Мамандық бейне».

 «Шығармашылық мамандықтың қырлары»:  

           «Мен мамандықты ..... таңдаймын» номинация бойынша І дәрежелі дипломмен М.Әлімбаев атындағы орта мектептің  9 сынып оқушылары Копбаева Жания, Кенхан Акнур, Мусагалиева Аяна.ІІ дәрежелі дипломмен № 40 орта мектептің  8-9 сынып оқушыларыКулешова Анастасия, Шоқанқызы Сандуғаш, Елешева Айым, № 7орта мектептің 8 сынып оқушысы Жунусова Жасмин  марапатталды.

     «Болашақтың мамандығы» номинация  бойыншаІ дәрежелі дипломмен А.Байтұрсұнов атындағы  орта мектептің 9 сыныпоқушылары Короткий Данила, Аубакиров Ернар. ІІІ дәрежелі дипломмен № 21 жалпы орта мектеп  5 сынып оқушылары  Сапарова Камелия, Кушкумбаева Дильназ,  М.Әуезова атындағы орта мектеп  10 сынып Сатмухамбетова Азель марапатталды.

               «Менің кәсібім - менің бизнесім» номинация  бойынша І дәрежелі дипломмен М.Әлімбаева атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары Аубикирова Аружан, Манарбек Анель. ІІ дәрежелі дипломмен № 35 орта мектеп  10 сынып оқушысы  Әбен Еділ. ІІІ дәрежелі дипломменК.Макпалеев  атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Нуриева  Карина марапатталды.

         «Мамандық бейне»  номинация  бойынша  І дәрежелі дипломмен № 40 орта мектептің 9 сынып оқушысы Оразғалы Аяужан. ІІ дәрежелі дипломмен М.Әлімбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысыУрумбаева Гаухар. ІІІ дәрежелі дипломмен С.Торайғыров атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларыГилазов Богдан, Мулдагулова Алияие болды.

     Байқау жеңімпаздары «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңіне қатысады.

    ЖеңімпаздарПавлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығыныңІ, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.