Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ілияс Жансүгіров оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары
12-04-2023 14:56
       «Ілияс Жансүгіров  оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары

2023 жылы 12 сәуірде «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының базасында өткен «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңіне Павлодар қаласының № 30, 35, 38 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, қалалық оқу кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Байқаудың мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармашылығын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, дарындарындылығын ашу.

 Байқау үш бағыт бойынша өтті: бірінші – «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» - ақынның поэмаларын жаттау; екінші – «Ұлы тұлғаға арнау» өз туындысын жатқа оқу; «Ілияс – сөз шебері» прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу.

Оқу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мектептерінен  3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

«Ілияс – сөз шебері»   № 38 мектебінің 8 сынып оқушысы Хунафия АйданаБас жүлдеге  ие болды.

 «Ұлы тұлғаға арнау» I орынды № 35 мектебінің 8 сынып оқушысы Бектасова Азиза иеленді.       

 «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясы бойынша  II орынға № 35 мектебінің 9 сынып оқушысы Ақтай Толғанай ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Бас жүлдемен марапатталған жеңімпаз «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңіне  қатысады.