Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Алтын микрофон» байқауы
12-04-2023 18:05
«Алтын микрофон» байқауы

Павлодар қаласы  білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 12 сәуірде Құрманғазы атындағы музыкалық мектебінде «Алтын микрофон» облыстық вокалдық шеберлік байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты-балалар шығармашылығын дамыту, ең талантты және жарқын орындаушыларды іздестіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін анықтау.

Байқауға  қаланың 26 жалпы білім беретін мектептерінен 10-17 жас аралығындағы орта және жоғары буын оқушылары қатысты.

 Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: Солистер, дуэттер, трио, вокалдық ансамбльдер. Жас санаттары: орташа жас санаты (10-13 жас) жоғары  жас санаты (14-17 жас).

       "Солистер" номинациясы бойынша бас жүлдені № 25 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Жұмабек Елназ және А.Шамкенов атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Алдаберген Мадина иеленді.

         І дәрежелі дипломмен  № 25, 35(2), 40, А. Байтұрсынұлы атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары марапатталды.

       ІІ дәрежелі дипломмен  № 21, 24, 40(2), 46, Малайсары батыр атындағы, М.Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы, А. Шамкенов атындағы мектеп оқушылары марапатталды.

      ІІІ дәрежелі дипломмен № 14, 15, 21, 25, 29, 31(2), 33, 40, М. Әлімбаев, М.Жүсіп, Ж.Тәшенев, М.Әуезов атындағы Кенжекөл және Жетекші ЖОМ оқушылары марапатталды.

      Байқауда жас вокалистер өздерінің таланттарын, шеберліктерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алды. Іс-шара балалардың вокалдық өнерге деген қызығушылығын одан әрі арттыруға мүмкіндік берді.

Әр номинация бойынша жеңімпаздар облыстық байқауға жіберіледі.