Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ПАВЛОДАРЛЫҚ БАЛДЫРҒАН БІЛІМПАЗДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ
14-04-2023 11:44
ПАВЛОДАРЛЫҚ БАЛДЫРҒАН БІЛІМПАЗДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 13 сәуірде Ж. Тәшенев атындағы мектеп базасында мектепке дейінгі ұйымдар мен орта жалпы білім беретін мектептердің мектепалды топтарының (сыныптарының) тәрбиеленушілеріне арналған «Жауқазын» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.  

Олимпиадаға Павлодар облысының 123 білім беру ұйымдарынан 157 тәрбиеленуші қатысты, оның ішінде «Жауқазын» олимпиадасының қалалық кезеңінің 54 жүлдегері.

Олимпиада қорытындысы бойынша 31 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: I орын - 9 тәрбиеленуші, II орын - 9, III орын – 13, сонымен қатар олимпиаданың барлық қатысушылары «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған» және «Зерек бүлдіршін». номинацияларымен марапатталды.  

Облыстық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.