Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"ProEco"экологиялық жобалар байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы
14-04-2023 14:22

         Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылғы 13 сәуірде "ProEco"республикалық экологиялық жобалар байқауының қалалық  кезеңі  өткізілді.

        Мақсаты - экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын түсіну, оқушылардың назарын экологиялық проблемаларға аудару. Байқауға  А. Байтұрсынұлы атындағы № 7, 17, 26, 41 жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысты.

         Байқауға қатысушылар "Туған өлкенің табиғаты", "Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем", "Үздік экологиялық бастама", "Таза қала сізден басталады"бағыттары бойынша бейнероликтер ұсынды.

           Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 3 номинация бойынша анықталды.

"Туған өлкенің табиғаты" номинациясында :

І орынды А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы-Сүлейменова Томирис иеленді.

II орынға  № 29 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Фриауф Илья ие болды.

"Үздік экологиялық бастама" номинациясы бойынша:

I орынды № 41 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Бианова Данила иеленді.

"Үздік қала сізден басталады"номинациясында:

I орынды № 7 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Адамова Азиза иеленді.

II орынды № 26 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Васильева Ульяна иеленді.

III орынды № 26 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Боберская Дарья иеленді

Жеңімпаздардың үздік жұмыстары "ProEco" республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне жіберілді.