Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы
24-04-2023 11:24
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

2023 жылғы 18-21 сәуір аралығында республиканың 20 өңірінен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтті.

       Павлодар облысының намысын облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 36 оқушысы – олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қорғады. Облыс құрамасында Павлодар қаласының № 17, 29, 35 мектептерінің 4 оқушысықатысты.

       Олимпиада екі турда қашықтықтан классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өткізілді. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу процесі онлайн трансляциямен қамтамасыз етілді, сондай-ақ бақылау үшін өңірлерге Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің және "Дарын" РҒПО жауапты қызметкерлері жіберілді.

        Олимпиада қорытындысы бойынша № 35 орта мектептің 10 сынып оқушысы Жунусова Сабина (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) алтын жеңіп алды. № 29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Кузнецова Анастасия (орыс тілі мен әдебиеті) қола медаль иегері атанды.

        Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында 20-25 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада өтті, онда Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 5 оқушықатысты, олардың 2-і жүлделі орындарға ие болды.

        Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және олардың ұстаздарын құттықтаймыз. Осымен тоқтап қалмай, жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз.

        Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің медальдарымен  дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталады.