Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жарқын болашақ» олимпиадасының қортындысы
24-04-2023 09:54
«Жарқын болашақ» олимпиадасының қортындысы

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 21 сәуірде  №7 мектепте қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиадаға 41 қаланың жалпы білім беретін мектептерінен  7 - 11 сыныптың 162 оқушысы бес бағыт бойынша қатысты: «Бейнелеушілер» - комикстер жанрындағы қазақ әдебиетінің туындыларын салу; «Білгірлер бәйгесі» - мақал - мәтелдерді, жұмбақтар, ертегілер жанрларын білуі; «Жас қаламгер» - шығармашылық мүмкіндіктерді бағалауға; «Сөз  шеберлері» - сахнада шешендік қабілеттерін  көрсету; «Әнші - бұлбұлдар»  - әннің қалпын бұзбай, нақышына келтіріп орындау.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға 86 оқушы  ие болды, оның ішінде I орын - 9, II орын - 33, III орын - 44.

-  «Бейнелеушілер» бағытында І орынды № 17 мектебінің 11 сынып оқушысы Кайстра Иван, № 24  мектебінің 9 сынып оқушысы Валиханова Камила ие болды; II орынды № 6, 7, 14, 26, 35,  А.Шәмкенов, Ә.Бөкейхан  атындағы лицей-мектеп оқушылары иеленді;  III орын  № 2, 18, 30, 33, 38, 39 (2), М. Әлімбаев, Б.Момышұлы, Р. Нуртазина, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді;

-  «Білгірлер бәйгесі»  бағытында  І орынды № 17 мектебінің 9 сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан иеленді; II орынды № 2, 7, 24, 35,  М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді;  III орын   № 21 (2), 38, 40,  М.Жүсіп, М. Әлімбаев атындағы,  А.Шәмкенов атындағы лицей  мектеп оқушылары иеленді;

- «Жас қаламгер»  бағытында І орынды № 25 мектебінің 9 сынып оқушысы Рамазанова Амина,  II орынды № 33, 35, 39, 40, Ж.Тәшенев атындағы, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектеп оқушылары иеленді;                  III орын  № 7, 11, 14, 17, 24, 30, 38, А. Байтұрсынұлы атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары иеленді;

-  «Сөз шеберлері»  бағытында І орынды 10 сынып оқушылары № 11 мектебінің Половинко Татьяна,  № 25 мектебінің Камесхан Нұртілек ие болды; II орынды № 2, 29, 39, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің  және Қ.Макпалеев,  М.Әлімбаев, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді;  III орын  № 7, 17, 21 (2), 33, 35, 38, Кенжекөл мектеп оқушылары иеленді;

-  «Әнші-бұлбұлдар»  бағытында І орынды Ш.Шөкин атындағы гимназия- мектебінің 7 сынып оқушысы Ибрай Аружан, А.Байтұрсынұлы атындағы мектебінің 8 сынып оқушысы Головчук София, № 17 мектебінің 10 сынып оқушысы  Петрова Полина  ие болды; II орынды № 2, 24, 25, 31, 35, 41, М.Әлімбаев атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары иеленді;  III орын  № 7, 21, 26, 43, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және К.Мақпалеев, К.Бекқожин, Ж.Тәшенев, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді;

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің түрлі дәрежелі дипломдарымен марапатталды.  

Олимпиаданыңоблыстық кезеңі ағымдағы жылдың 26 сәуірінде өтеді.