Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Алтын микрофон» облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды
26-04-2023 16:35
        «Алтын микрофон» облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды

2023 жылдың 25 сәуірінде М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Алтын микрофон» вокалдық шеберлік байқауының облыстық кезеңі өтті, оған қала мектептерінен № 25, 35, А.Шәмкенов атындағы лицей-мектебі, Б. Момышұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беру мектептерінен 13 оқушы қатысты.

     Байқаудың мақсаты - балалардың шығармашылық ұжымдары арасындағы байланысты нығайту, орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру.

     Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: солистер, дуэттер, трио, вокалдық ансамбльдер. Байқау ережесіне сәйкес жас санаттары ескерілді: 10-13 жас, 14-17 жас.

      Байқау қорытындысы бойынша: I орын-1, II орын – 4.

     «Солистер» номинациясы бойынша І орынды Б. Момышұлы атындағы мектептің оқушысы Рахим Іңжу иеленді,ІІ орын № 25 мектебінің оқушысы Жұмабек Елназ, А.Шамкенов атындағы лицей-мектебінің оқушысы Алдаберген Мадина және Шмулько Валерия А. Байтұрсынұлы атындағы мектебінің оқушысы.

    «Вокалдық ансамбль» номинациясы бойынша - ІІ орынды № 25 мектебінің  «Әуен»  ансамблі иеленді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.