Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Шалтай Смағұлов атындағы олимпиаданың аймақтық кезеңінің қорытындысы
28-04-2023 12:35
Шалтай Смағұлов атындағы олимпиаданың  аймақтық кезеңінің қорытындысы

Академик Смағұлов Шалтай Смағұлұлы атындағы VI республикалық математикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі 2023 жылғы 23 сәуірде «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының базасында  өткізілді.

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін және  мамандандырылған мектептерінің 6-7 сыныптарының 41 оқушысы, оның ішінде I турдан сәтті өткен Павлодар қаласының  № 27 (2), 29, 39, 43,Ш. Шөкин, А. Шамкенов , С. Торайғыров  Ж. Тәшенев, М. Әуезов атындағы мектептерінің 10 оқушысы қатысты.

Аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша № 29 мектептің 6-сынып оқушысы Рафаэль Бекшенов III орынға ие болды және ағымдағы жылдың маусым айында Алматыда өтетін облыстық команда құрамында республикалық кезеңге қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.