Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
02-05-2023 16:30
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында 2023 жылғы 28 сәуірде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

            Олимпиада 7-8 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілді.

        Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.

               Іс-шараға Павлодар облысының 228 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 15 оқушысы қатысты.

            Қазылар алқасының шешімі негізінде 10 оқушы олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды: І орын - 2, ІІ орын - 3, ІІІ орын - 5.

            І дәрежелі дипломмен М. Әлімбаев ат. орта мектептің 8 сынып оқушысы Манарбек Анель және №25 орта мектептің 7 сынып оқушысы Тельман Толғанай; ІІ дәрежелі дипломмен Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Бегежанова Аружан, №2 орта мектептің 7 сынып оқушысы Сейтқасым Нұржан, №36 орта мектептің 8 сынып оқушысы Серік Ясмина; ІІІ дәрежелі дипломмен  - №35 орта мектептің 7 сынып оқушысы Мұрат Аружан, №39 орта мектептің 8 сынып оқушысы Слямова Дана, Ж. Тәшенев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ерболат Амина, №21 орта мектептің 7 сынып оқушысы Кайтаева Зара, А.Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Татару Елизавета марапатталды.