Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚАЛАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ ТУРАЛЫ
03-05-2023 14:57
ҚАЛАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ ТУРАЛЫ

12 мамыр күні сағат 14.00-де Б.Момышұлы атындағы мектепте Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 1-4 сынып оқушыларына арналған «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңін өткізеді.

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру.

1-4 сынып оқушылары, мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Оқулар екі бағыты бойынша өтеді: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай шығармалары бойынша мәнерлеп оқу байқауы және «Құлақтан біріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» - Абай әндері мен күйлерін үздік орындау.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.