Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас жол қозғалыс инспекторларының қалалық слеті
04-05-2023 09:26
Жас жол қозғалыс инспекторларының қалалық слеті

2023 жылдың 3 мамырында № 7 ЖОМ базасында жас жол инспекторлар қозғалысының қалалық слеті өтті.

Слетті Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" БУҚБДДО  жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасының "Қызыл жарты ай" Павлодар филиалының қоғамдық бірлестігімен бірлесіп оқушыларға патриотизм, ұжымдық бірлік сезімін ояту және көшелердегі жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырды.

Байқауға № 7, № 11, 18, 25, 35, 36, 39, 40, Жетекші, Малайсары батыр, М. Жүсіп, М. Әлімбаев,  Б. Момышұлы, Р. Нұртазина, С. Торайғыров, Ж. Тәшенев, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептердің 6-8 сынып оқушылары қатысты.

Слет 6 сайыстан тұрды: "Саптық байқау", "Жол қозғалысы ережелерінің  білгірлері", «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Білгірлер»  турнирі және «Бейнероликтер».

Қалалық слет қорытындысы бойынша: І орын – 1, ІІ орын-5, ІІІ орын – 6.

І орын - Жетекші ЖОМ; II орын - № 35, № 36, М.Жүсіп, Б. Момышұлы, Ж. Тәшенев атындағы мектептердің командалары; III орын-М. Әлімбаев,       Р. Нұртазина, С. Торайғыров атындағы № 7, 11, 40 ЖОМ.

Малайсары батыр атындағы, А.Байтұрсын атындағы, № 25 және № 39 мектептердің командаларына қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Жетекші ЖОМ ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін облыстық слетке қатысады.