Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖОБАСЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ
04-05-2023 15:06

Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында "Елбасы медалі "бағдарламасы қатысушыларының  марапаттау рәсімі өтті.

"Елбасы медалі" - Елбасы Академиясы Н.Назарбаев қорының қолдауымен жүзеге асыратын дарынды және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба. Жоба "Спорт", "Таланттар мен дағдылар", "Кітап оқу", "Ұлттық мұра", "Волонтерлік", "Саяхат және жорықтар" және "Еңбек практикасы" 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын көздейтін 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған.

Жоба қорытындысы бойынша №35 орта мектептің 11 сынып оқушысы Көбенбай Ақмарал және № 2 мектептің 11 сынып оқушысы Достов Ислам "Күміс деңгей" бағдарламасын сәтті аяқтап, Елбасы медалінің иегері атанды.

Бір жыл мерзімінде қатысушылар жеті бағыт бойынша тапсырмаларды орындады, өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді, қайырымдылық, спортпен шұғылдану, өнерге баулу, мәдени мұраны насихаттауда жоғары нәтижелер көрсетті.