Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» пікірсайыс
12-05-2023 10:04
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» пікірсайыс

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 11 мамыры күні № 7 орта мектебінде орыс тілді мектептері лигасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» дебаттық турнирі болды.

Дебаттың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың себебі мен салдарын талдау арқылы оған  қарсы сананы, төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру.

Турнирге қаланың 22 мектептерінің 24 командасынан 48 оқушы қатысты.

Төрешілер алқасында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «VERITAS» дебат мектебінің пікірсайыс жүргізушілері қатысты.   

Дебат барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу, қалай күресу керектігі жөнінде құнды пікірлерін ашық және еркін айтып, жеткізе білді.

Дебаттың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен № 29 орта мектебінің «Не вопрос»; ІІ дәрежелі дипломмен  № 11 орта мектебінің «Парасат» командасы;  ІІІ дәрежелі дипломдармен А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің «Алтын», Ш.Шөкин атындағы гимназия - мектептің «Жас Ұлан» командалары марапатталды.

Ал дебаттың «Ең үздік спикері» номинациясымен Ш.Шөкин атындағы гимназия - мектебінің «Жас Ұлан» командасының спикері – Карина Ступникова марапатталды.

Құрмет грамотасымен - Жетекші орта мектебінің «Ақиқат», № 30 орта мектептің «Деймос» командалары марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлордар қалалық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.