Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Әбіш оқулары» республикалық байқауының қорытындысы
15-05-2023 08:52
«Әбіш оқулары»  республикалық байқауының қорытындысы

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 2023 жылғы 10-12 мамыр аралығында Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған «Әбіш оқулары» республикалық байқауы өтті.

 Байқау төрт бағыт бойынша өтті: Ә.Кекілбаевтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; үйде орындалған үш суретті ұсынып, «Көлденең көк атты» және «Галстук сатушы қыз» әңгімелеріне иллюстрация салу; жазушының шығармашылығы бойынша зерттеу жоба жазу; бір шығармасынан сахналық қойылым көрсету.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен 160-тан астам 8-11 сынып оқушылары қатысты. Павлодар облысының құрама командасының құрамында «Иллюстрациялық сурет» бағытында байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы, № 2 орта мектептің 10 сынып оқушысы Бауыржан Азиза болды.

Қазылар алқасының шешімі негізінде Бауыржан Азиза ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.