Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұлттық зияткерлік олимпиаданың қорытындысы
16-05-2023 14:47
Ұлттық зияткерлік олимпиаданың қорытындысы

"EL UMITI" корпоративтік қоры 2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында өткен "Мың бала" ауылдық мектептері үшін Ұлттық зияткерлік олимпиаданы тестілеудің екінші кезеңін өткізді, оған еліміздің ауылдық мектептерінің 5000 оқушысы қатысты.

         Олимпиада дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушыларды шығармашылық ізденімпаз және жайлы өмір сүруге ұмтылатын белсенді азаматтар болуға ынталандыру мақсатында ауыл мектептері үшін өткізілді.

       Екінші  кезеңнің тапсырмаларында математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қазақ немесе орыс тілі), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша 100 сұрақ қамтылды. Тестілеу нәтижелері бойынша ең жоғары балл бойынша республиканың түкпір-түкпірінен 1000 жеңімпаз іріктелді.

   Екінші кезеңге Павлодар облысынан 141 оқушы қатысты, оның ішінде Олимпиаданың жеңімпазы атанған Павлодар қаласының № 40 мектебінің 6 сынып оқушысы Балғабек Әбілқайыр бар.  Ең көп ұпай жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу ұсынылды.

«Мың бала»  Олимпиадасына қатысқан барлық оқушыларға әрі қарай дағдыларын дамыту үшін «Birge Oqý» Елбасы академиясына онлайн тегін оқыту ұсынылады.