Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектеп Президенттерімен кездесу өтті
18-05-2023 16:30
Мектеп Президенттерімен кездесу өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін», Республикалық акциясы аясында«Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылы 18 мамырда мектеп Президенттері Павлодар қаласының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы К. Т. Қыдыралинмен кездесті.

       Кездесу жылы және достық жағдайда, диалог алаңы әңгімелесу форматында өтті.

            Қуаныш Төлегенұлы бүгінде жастар үшін табысты оқу мен даму үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Біз, аға буын, сіздің қабілеттеріңізді нығайту, таланттарыңызды дамыту, оқушылардың өзін-өзі басқаруын одан әрі нығайтуға ықпал ету үшін бар күшімізді саламыз, мектеп ұжымының негізі ретінде президенттермен жақынырақ таныстық.

            Содан кейін президенттерді мектеп пен оқушылар ұжымына қатысты білім беру саласындағы жаңа жобалар және бағдарламалармен, оларды шешу жолдарымен таныстырды.

         Әңгіме барысында президенттер өз сөздерін қорытындылай келе, мектеп активі шын мәнінде өзекті екенін, әкімшілік  мектеп қызметі мәселелері бойынша олардың пікірін тыңдайтынын атап өтті.

      № 24 ЖОББМ Президенттері Дзюба Антон және Б.Момышұлы атындағы мектеп Президенті Хамит Малика сөз сөйлеп, 2022-2023 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

       Өз сөзінде Антон олардың мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқаруына елеулі көңіл бөлінетінін, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жастар Ассамблеясы» жастар қанатымен тығыз байланыс орнатылғанын атап өтті. Балалар сынып ұжымдары дайындаған сыныптан тыс іс-шаралар: спорттық жарыстар, КВН, тренингтер, челлендждерге  қызығушылықпен қатысады.

            Қуаныш Төлегенұлы кездесуді қорытындылап, қатысқандарға алғысын білдіріп, оқуда табыс тіледі.