Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ректор грантына арналған пікірсайыс турнирі
22-05-2023 14:10
Ректор грантына арналған пікірсайыс турнирі

2023 жылдың 21 - 22 мамыр күндері Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «VERITAS SCHOOL CUP» пікірсайыс турнирі өтті.

Аталмыш турнир қазақтың көрнекті ақыны, демократ, публицист және әдеби сыншы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына арналды. Пікірсайыс турнирінің мақсаты - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын кеңінен насихаттау және турнирдің ұрпақтар сабақтастығын дамыту, белсенді жастардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, оны көпшілік алдында еркін жеткізе білуге үйрету.

Пікірсайысқа қаланың 9-11 сынып оқушыларынан құралған 20 команда, 40 оқушы қатысты. Командалар екі күн бойы сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Пікірсайыс әділқазыларының шешімі негізінде – «Ең үздік спикер», І дәрежелі дипломмен және Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ректорының Грантымен № 43 орта мектептің оқушысы, «Двойной Кратос» командасының қатысушысы – Ангелина Грищенко марапатталды.

№ 11 орта мектебінің «Парасат» командасы құрамындағы  оқушылар Анастасия Трошина мен Глафира Сергеева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

№ 7 орта мектебінің «With love to “Veritas”» командасы құрамындағы  қатысушылар Сәния Мұстахим мен Мағамет Жібекжан ІІІ дәрежелі  дипломға ие болды.  

Бес іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ең үздік спикер болып № 21 орта мектептің оқушысы Лана Жексенова және «Крутышы милаши самые лучшие» командасының қатысушылары атанды.

Пікірсайыс турнирінің барлық қатысушылары сертификат иеленіп, олардың жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.