Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ел қамын жеген Едіге би» қорытындысы
23-05-2023 14:41
 «Ел қамын жеген Едіге би» қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 23 мамырда «Ел қамын жеген Едіге би» қалалық кезеңі өткізілді.

Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың оқу мәдениетін, ата - бабаларының тарихын білуге деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Байқауға жалпы білім беретін 25 мектептен 7 - 11 сыныптың 51 оқушысы қатысты.

«Ел қамын жеген Едіге би» оқуларыкелесі үш бағыт бойынша өткізілді: «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би» қазақ халқы би-шешендері сөздерінен, өмірінен тест тапсырмалары;  «Етегіне ел сиған Едіге би» тақырыбында Мәшһүр-Жүсіп шығармаларынан және басқа да ғылыми көздерден шығармашылық зерттеу жүргізу;  «Едіге би өткен...» - эссе жазу.

32 оқушы оқудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 3, екінші орын - 12, үшінші орын - 17.

I орын иегерлері Малайсары батыр атындағы мектебінің 8 сынып оқушысы Майданов Рауан, № 25 мектебінің 8 сынып оқушысы Нағымет Жаннұр, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайролла Елнұр; II орынды № 17, 25, 33, 35 (2), 38, 40, Б. Момышұлы, Ж.Тәшенев (2), мектеп атындағы, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушылары иеленді; III орынды -    №  7, 11, 17, 25, 30, 31, 40, К.Бекқожин, М.Әлімбаев, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенев, М.Әуезов атындағы, Жетекші  мектебінің оқушылары ие болды.

Барлық қатысушыларға  «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Жеңімпаздар ағымдағы жылдың 9 маусымда «Ел қамын жеген Едіге би» облыстық кезеңіне қатысады.