Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқу жылының ең үздік сыныптары анықталды
26-05-2023 13:03
Оқу жылының ең үздік сыныптары анықталды

      Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мектеп сыныптары  екінші жыл Павлодар қаласы  білім бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уаытты  қамту және балалардың   дарындылығын дамыту орталығының "Үлкен үзіліс - 2023" қалалық    жобасын    іске асыруға қатысады. Мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту және қолдау, ұжымшылдықты қалыптастыру.

      Қатысушылар оқу жылы ішінде қыркүйектен мамырға   дейін 7 бағыт бойынша спорттық–сауықтыру турларында, " Театр  өмір айнасы " театрлық қойылымдары, "Жайдарман LIFE" КВН, " Сынып  танысы" презентациясы, "Ең күшті сынып жетекші" байқауы, "Біздің айналамыздағы мейірімділік" игі істер туралы есептерді қорғауда бақ сынасты, "Мектеп STARS" концерттік бағдарламасын ұсынды.

       Жобаға   № 5, 7, 11, 14, 17, 18, 21, 25, 26, 31, 33, 34, 36, 38, 43, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Қ. Бекхожин, М.Жүсіп атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Р. Нұртазина атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, Кенжекөл, Жетекші мектептерінің 5-9 сыныптарының 306 оқушысынан тұратын 26 сынып оқушылары қатысты . 7 турдың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды 6 сынып иеленді.

       Гран-при мен ауыспалы кубоктың иегерлері № 33 ЖОМ 5 сынып оқушылары. Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен және «Баянауыл аңыздары» лагерьінетегін жолдамамен марапатталды.

        I орынды № 43 ЖОМ 8 сынып оқушылары, ІІ орынды Б.Момышұлы атындағы мектептің 6 сынып оқушылары, ІІІ орынды № 14 ЖОМ 8 сынып оқушылары, № 35 ЖОМ 5 сынып оқушылары және Қ. Мақпалеев атындағы мектептің 6 сынып оқушылары иеленді.

         Жүлделі орындарға ие болған сыныптар Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен және сыйлықтармен -принтер, дыбыстық бағандармен марапатталды. Сынып оқушылары "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 26 мамырда А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейде өтті.