Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЖАҢА КӨЗҚАРАС» ДЕБАТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ
26-05-2023 15:02
«ЖАҢА КӨЗҚАРАС» ДЕБАТТЫҚ КЛУБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕШІ

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 25  мамырында қаланың қазақ тілінде білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Жаңа көзқарас» дебаттық клубының қорытынды кеші болып өтті. Онда жыл бойы дебаттарға қатысып, белсенділік көрсеткен пікірсайысшыларды марапаттау шарасы болды.

2020 жылдан бастап қала мектептерінде дебат турлары білім беру үрдісіне белсенді енгізілуде.

Шараның мақсаты пікірсайыс қатысушыларын марапаттау арқылы, олардың белсенділіктерін атап өту. Олардың алдағы уақытта да осы пікірсайыстарға қатысуын ынталандыру. Өзге пікірсайысшыларға үлгі ете отыра, пікірсайысшылар қатарын арттыру.

Шараға қаланың 19 жалпы білім беру мектептерінен 8-10 сыныптарының 83 оқушысы және олардың 21 жетекшілері  қатысты.

«Жаңа көзқарас» пікірсайыс клубының 24 мектеп оқушысына пікірсайыс мектебін аяқтағаны үшін сертификаттар табыс етіліп, 56 мүшесіне пікірсайыс мектебіне қатысқандары үшін алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар осы пікірсайысшыларды дайындаған 22 жетекшіге алғыс хаттар табыс етілді. Қорытынды кеште Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының басшысы А.Л.Мұхаметжанова, осы «Жаңа көзқарас» дебаттық клубын ұйымдастырушы А.Есенқұл жиналғандарды құттықтады.

Пікірсайысшылар қатарынан Ж.Тәшенов атындағы орта мектептің оқушысы Сәбина Бәуен, № 40 орта мектептің оқушысы Мөлдір Қабыкен, сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіп атындағы орта мектептің дебат клубының жетекшісі Аян Сансызбайұлы сөз алып, пікірсайыс мектебін бітірушілерді құттықтап, алғыстарын білдірді.