Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Театр әлемі» қалалық шығармашылық жобасының І кезеңінің «Елестету еліне» конкурсы
09-06-2023 14:11
 «Театр әлемі» қалалық шығармашылық жобасының І кезеңінің «Елестету еліне» конкурсы

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың   дарындылығын  дамыту орталығының «Жазғы MIX» жазғы шығармашылық жобасы аясында 2023 жылғы 9 маусымда С. Торайғыров атындағы орта мектеп базасында «Театр әлемі» қалалық шығармашылық жобасының I кезеңінің  «Елестету еліне» конкурсы өтті.

Шығармашылық жобаға Павлодар қаласының 11 командадан тұратын 4-6 сыныптың 100 астам оқушысы қатысты.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар жоқ елді ойлап тауып, ол туралы театрландырылған қойылым арқылы әңгімелейді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты   қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.