Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жазғы MIX- 2023» жазғы шығармашылық жобасы бойынша «Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің сабақтары
09-06-2023 16:19
«Жазғы MIX- 2023» жазғы шығармашылық жобасы бойынша «Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің сабақтары

Қаланың мемлекеттік тілде оқытатын мектеп оқушыларына арналған «Жаңа көзқарас» пікірсайыс мектебінің жазғы уақытта оқушыларға арналған сабақтары өтті. Оның мақсаты - балалардың жазғы уақытын тиімді пайдалану, жаңа оқу жылына жасөспірімдер құрамын жинақтау және дайындау. Жазғы пікірсайыс мектебі 5 – 9 маусым аралығында өткізілді. Осы уақыт аралығында 8 теориялық сабақ және 2 тәжірибелік ойындар өткізілді. Тақырыптар пікірсайыстың негізгі ережелерін және әртүрлі бағыттағы ақпараттарды қамтыды.

Оқушыларға пікірсайыс сабақтарын өткізуде келесі түсініктемелер берілді:

    Фрейминг - оқушылардың, пікірсайыс ойыны барысында, «ойын алаңын» құру қабілеттері қалыптастырылды.

    Аргументация - пікірсайыстың негізгі бөлігі болып табылады. Оқушыларда «логикалық, практикалық және принципиалды» дәйектемелерді құрастыру және пайдалану қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға бағыттар берілді.

    Ребатл – оқушыларда, пікірсайыс ойыны барысында қарсылас үстелмен байланыс жасау, сыни ойлау, конструктивті қарсылық көрсету қабілеттерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жасалды.

   Сараптама – Пікірсайыс ойынында негізгі функционалдық қызмет түріне жататын сараптау қабілетін қалыптастыру үшін сабақтар өткізілді.

Жазғы пікірсайыс мектебі арқылы қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. 14 қала мектептерінен 40 оқушы - № 46, 25, 35, 31, 30, 24, 14, Малайсары батыр, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенев, С.Торайғыров, Ә.Бөкейхан атындағы және Жетекші мектептері қатысты. Оқушылар пікірсайыс тақырыптары туралы ақпараттар алды, пікірсайыс ережелерімен танысты және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды белсене орындады. Келесі оқу жылына нақты жоспарлар белгіленді.