«Ел қамын жеген Едіге би» байқауының облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 7-11 сыныптарының 25 оқушысы - конкурстың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 25, Малайсары батыр атындағы мектеп және А.Бөкейхан атындағы мектеп - лицейінің 3 оқушысы қатысты.
Оқулар 2023 жылдың 9 маусымында «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында өтті. Ұйымдастырушы облыстың білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы және «Кереку билер алаңы» қоғамдық бірлестігі болып табылады.
Мақсаты-дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың оқу мәдениетін, ата-баба тарихын зерттеуге деген танымдық қызығушылығын арттыру.
«Ел қамын жеген Едіге би» оқулары келесі үш бағыт бойынша өткізілді: «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би» - тест тапсырмалары; Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын және басқа да ғылыми дереккөздерді «Етегіне ел сиған Едіге би» тақырыбында зерттеу; «Едіге би өткен» - эссе жазу.
№ 25 мектептің 8-сынып оқушысы Нағымет Жаннұр Мәшһүр-Жүсіптің шығармаларын және "Етегіне ел сиған Едіге би" тақырыбындағы басқа да ғылыми дереккөздерді зерттеу бағытында II дәрежелі диплом иегері атанды. «Шоң би» номинациясы бойынша Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Қайролла Елнұр марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру орталығының және «Кереку билер алаңы» қоғамдық бірлестігінің дипломдарымен марапатталды.