Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Құмнан қалашық тұрғызушылар" конкурсының қорытындысы
13-06-2023 14:47

«Жазғы MIХ-2023»  жазғы жоба аясында  Павлодар қаласының  білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  2023 жылғы 13 маусымда Төменгі жағажайда  «Құмнан қалашық тұрғызушылар» қалалық  байқауы  өткізілді.

       Жобаның мақсаты көркем әлеуетті және шығармашылық қиялды дамыту, таза ауада қызықты бос уақытты, салауатты өмір салтын насихаттау.

    Қалалық жағажайдың жағасына  Павлодар қаласының 37 жалпы білім беретін мектептерінен 1-8 сыныптарының  401 оқушысы қатысты.

Қатысушылар өздерінің құмды құрылыстарын талантты түрде құрып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің көркем туындылары туралы өте қызықты айтып берді.

    Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының  I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 I орын № 26, 29, Ж. Тәшенев атындағы мектеп оқушылар қомандалары марапатталды;

II орын № 18, 21, 43, 25, 40, 41,  А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп,  А.Бокейхан атындағы мектеп-лицейі, Жетекші мектеп командалары иеленді

III орынды № 6, 15, 30, 31, 35, Малайсары батыр атындағы, Қ.Мақпалеев атындағы, М.Жүсіп атындағы,  С.Торайғыров атындағы, Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназия, А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейі, Кенжекөл мектеп командалары иеленді.

Қалған мектептер «Құм шеберлері» номинациясымен марапатталды.