Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Дойбының сиқырлы әлемі» турнирі.
14-06-2023 16:35
«Дойбының сиқырлы әлемі» турнирі.

Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы«Жазғы МІХ-2023» жазғы жобасы  аясында 2023 жылғы 14 маусымда«СПОРТ ENERGY» спорттық жобасы «Дойбының сиқырлы әлемі» турнирінің ІІІ кезеңін өткізді.

    Турнирдің мақсаты: Дойбы ойынының әдіс-тәсілдерімен таныстыру,оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, дойбы ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.

Турнирге қала мектептерінен 5-7 сынып оқушылары  арасынан 14 мектеп, 30 оқушы қатысты.Олар Малайсары батыр, К.Макпалеев,Ш.Шөкин, А.Шәмкенов, Ә.Бөкейхан, С.Торайғыров, Ж.Тәшенев, М.Әуезов, №  7, 11, 25, 35, 39, 43 Жетекші жалпы орта білім беру мектептері қатысты.

   Турнирге қатысушылар өздерінің  ойлау қабілеттерін шыңдай отырып дойбыға деген қызығушылықтарын күшейте түсті.

Турнирдің  жеңімпаздары І дәрежелі дипломмен  Ж.Тәшенев атындағы мектептің 7 сынып оқушысы  Амиргалиев Амирхан. ІІ дәрежелі дипломмен Қ.Макпалеев атындағы мектептің 7сынып оқушысы  Семенов Мирослав марапатталды.ІІІ дәрежелі  дипломмен №35 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Жәнібекұлы Бердібек, Ш.Шөкин атындағы мектептің 5 сынып оқушысы  Темерболат Әлихан марапатталды.Қалған қатусышыларға  сертификаттар берілді.