Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Model United Nations» жобасы
19-06-2023 15:58
«Model United Nations» жобасы

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы»  2023 жылдың 19 маусымы күні қаланың мемлекеттік тілде оқытатын мектептерінің оқушылары арасында «Model United Nations» жобасы ұйымдастырылды.

 Жобаның негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында оқушылардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Жоба «Brain ring» форматында өткізілді: тақырыптар бойынша позициялық құжат жазу және оны өз сөзімен қорғау міндеті қойылды. Турнир барысында оқушылар өздерінің білімдері мен біліктіліктерін, тақырыпты ашуда география, тарих пәндерінен алған терең білімдерін көрсете білді.

Турнирге қаланың 15 мектебінің 26 оқушысы қатысты. Оқушылар құнды пікірлерін ашық және еркін айтып, жеткізе білді.

Жобаның қорытындысы бойынша «Үздік эссе» номинациясымен Малайсары батыр атындағы орта мектебінің оқушысы Қонысбай Гүлназ; «Үздік делегат» номинациясымен Ж.Тәшенев атындағы орта мектебінің оқушысы Ахмет Айым; «Үздік спикер» номинациясымен - № 25 орта мектебінің оқушысы  Сағадат Айзия; «Сындарлы ой» номинациясымен № 35 орта мектебінің спикері Тоқтар Дария марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қалалық білім бөлімінің номинацияларымен марапатталды.