Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Әр қадаммен; өзіңе апарар жол» шағын футбол турнирінің қорытындысы
20-06-2023 15:08
«Әр қадаммен; өзіңе апарар жол» шағын футбол турнирінің қорытындысы


 2023 жылдың 6 – 19 маусымы аралығында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және дарындылығын дамыту орталығы «Жазғы MIX-2023» жазғы бағдарламасы аясында «Заң» азаматтық құқықтық мектеп бағдарламасы аясында «Әр қадаммен: өзіңе апарар жол» шағын футбол турнирін өткізді. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту. Турнир қала мектептерінің ықшам аудандарында 6 іріктеу кезеңінен тұрды. Жарысқа 6 – 10 сынып аралығындағы 24 қала мектептері: № 6,  7,  25, 26,  46,  36,  24, 14, 41, 18, 21, 35,  Жетекші, Кенжекөл, Малайсары батыр, Мәшһүр Жүсіп, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Б.Момышұлы, А.Шәмкенов, К.Бекхожин, М.Әлімбаев, С.Торайғыров, Ж.Тәшенев атындағы мектептері қатысты.  

        Финалда № 41, 21, 46, 35, Мәшһүр Жүсіп, А.Байтұрсынұлы мектептерінің командалары ойнады. Турнир олимпиадалық жүйе бойынша өтті, жеребе бойынша матчтардың реттілігі анықталды.

Ойындар шағын футбол ережелері бойынша өтті, командалар төрт алаң ойыншысы мен қақпашыдан тұрады, футбол матчы әрқайсысы 10 минуттан екі таймнан тұрды.

Финалдық ойындардың қорытындысы бойынша І орынды  № 41, 21 орта мектептері, ІІ орынды Мәшһүр Жүсіп, ІІІ орынды А.Байтұрсынов атындағы орта мектептері иеленді.

Турнирдің «Белсенді қатысқаны үшін» номинациясына № 46 орта мектеп командасы, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына № 35 орта мектептері командалары лайықты деп танылды. 

«Үздік шабуылшы» номинациясына Юрий Ислам (№ 41 ЖОМ), «Үздік қорғаушы» номинациясына Кошербаев Азимхан (Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОМ), «Үздік қақпашы» номинациясына Жарков Матвей  (А.Байтұрсынұлы ЖОБ) ие болды.

        Матч соғылған голдардың көптігімен өткір және шиеленісті күресте өтті.

        Барлық финалистер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады.