Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас театрлардың қойылымы
20-06-2023 17:15
Жас театрлардың қойылымы

Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уақытты  қамту   және  балалардың  дарындылығын дамыту орталығының "Жазғы микс - 2023" жазғы кешенді бағдарламасы аясында "Театр әлемі"шығармашылық жобасы іске асырылуда. Жоба 2 турдан тұрады. Жобаның мақсаты-адамгершілік-рухани, мәдени тәрбие, шығармашылық даму, кәсіби бағдар, сахнада өнер көрсету дағдыларын қалыптастыру.

         Жобаның  бірінші кезеңінде 100 - ден астам   4-6 сынып оқушыларынан тұратын 11 команда "Елестету еліне" байқауына  қатысты. Байқау шарттары бойынша қатысушылар жоқ ел туралы сахналық көріністі көрсетті. Байқау шығармашылық дамуға, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

"Қуыршақ театрының" екінші турына 24 жалпы білім беретін № 6, 7, 11, 14, 15, 21, 25, 26, 27, 29, 39, 41, 43, Қ. Мақпалеев, Қ. Бекқожин, М. Әлімбаев, М. Жүсіп, Р.Нұртазина, С.Торайғыров, А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия, А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицей, Кенжекөл  мектептерінен   1-6 сыныптың  245оқушысы қатысты  .

      Байқау қорытындысы бойынша  І орынды "Трумилиттер" ертегісі үшін № 11 мектептің "Чебурашка" командасы,  "Мақта  қыз бен мысық" ертегісі үшін № 41 мектептің "Жауқазын" командасы, " Лесная история" ертегісі үшін № 43 мектептің "Фантазер" командасы және "Алдар көсе" ертегісі үшін А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің   "Алые паруса " командасы иеленді.

        II орынды № 7, 25, 26, 27, 29, Қ. Бекқожин, М. Әлімбаев, М. Әуезов атындағы , А. Шәмкенов мектеп-лицей, Кенжекөл мектептерінің  командалары иеленді.

        III орынды  № 6, 14, 15, 21, 39,Қ..Мақпалеев, М. Жүсіп, Р. Нұртазина, С. Торайғыров, Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназия командалары иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған командалар "Павлодар дарыны" орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.